«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ МАЙЛАН АУЫЛЫНЫҢ БАЛАБЕК ЖАХИН АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ИМЕНИ БАЛАБЕКА ЖАХИНА СЕЛА МАЙЛАН ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жыл бойынша есеп

25.12.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Новомарковка ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі

🏫2023-2024 оқу жылының І тоқсанында мектеп континенті 0-11-сыныптар арасында 351 оқушыны құрады. 1-сыныптарда оқушылардың оқу жетістігіне бағалау жүргізілмейді.
І тоқсанның қорытындысы  бойынша мектептегі білім сапасы – 37 %, оқу үлгерімі – 100 % болды.
2023-2024 оқу жылында Б.Жахин атындағы ЖОББМ-де «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер жоқ. «Үздік аттестатқа» үміткер 3 оқушы. 
📝 Тегін тамақпен қамту - 1-4-сыныптар бойынша 118, жалпы қор бойынша 42 оқушыны қамтыды. Барлығы - 162 оқушы. Қалған білім алушылар буфеттік тамақтандырумен қамтылған.
🥇🥈🥉Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында мектебіміздің оқушылары аудандық «Ақберен» байқауына қатысып, жүлделі 3 –орынға ие болды. 9-сынып оқушылары Шаймұрат К,. Өмірәлі Гүлхан,. «Зерде» ғылыми – жұмыстарының облыстық кезеңінен Иманшапих О.1-орынға ие болды. 
«Абайдан аманат» атты аудандық байқауда 9 "А" сынып оқушысы Өмірәлі Гүлхан эссе жазу номинациясы бойынша 3-орынға ие болды. 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» олимпиадасына 10-сынып оқушысы Айтчанов Н. аудандық кезеңнен 1-орын иеленіп, облысқа жолдама алды. Аудандық «Дебат» сайысында мектебіміздің оқушылары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. «Алтын тұғыр» аудандық олимпиадасына бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, сертификаттарымен марапатталды.
«Ауыл» мектептеріне арналған олимпиадасына мектебімізден 33 оқушы қатысып, облыстық кезеңге 3 оқушы қатысты. География пәні бойынша аудандық кезеңге 5 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі 1- орынға Еркін Н., Ғалымжан С 2-орынға ие болды. Еркін Н облыстық кезеңге қатысып, сертификатпен марапатталды. 
3-4 оқушылар арасында өткізілген «Алтын Сақа» олимпиадасының қорытындысы бойынша Аманжолқызы А. 2 –орынға, Атаханова М. 3-орынға Лиденман А. 3- орынға, Гулый Н. 3-орынға, Лиденман А. 1-орынға, Ширяев Н. 1-орынға, Жилин Д. 2-орынға иеленіп, нәтижесінде Ширяев Н. және Жилин Д. облыстық кезеңге өтті. 5-6 сыныптар үшін «Алтын сақа» аудандық кезеңіне 6 оқушы қатысып, 5 "А" сынып оқушысы Айтпаев Б. 1-орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. «І-Qanat » республикалық интеллектуалдық сайысында облыстық кезеңге 4 оқушы жолдама алды. Айтпаева А., Асемсеитов М., Ғалымжан С., Хайрат Р. 8-сынып оқушылары.

Просмотров: 3423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст