Мемлекеттік қызметтер бойынша 2025 жылғы есеп
1. Жалпы ережелер
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Майлан ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Майлан ауылы, Кисилева көшесі 20, тел: 87163333525.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
Білім беру ұймының 2025 жылы реестр бойынша мемлекеттік қызметтің 10 түрінен қызмет көрсетті;
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.


2024 жылмен салыстырғанда білім беру ұйымы 97 қызмет көрсетті;
Білім беру саласында ең көп талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау».
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпаратты «Майлан ауылының Балабек Жахин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ- нің ақпараттарға арналған қабырғадан, білім беру ұйымдарының сайттарынанда жарияланған.
Халықты ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметті атқаруда мерзімі жағынан шағым тіркелмеді.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2025 жылы білім беру ұйымы желілерде 0 тікелей эфир өткізді. Көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2026 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2026 жылы білім беру ұйымы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.